A A

Малшыбай селосы әкімінің аппараты ММ қызметі туралы қысқаша ақпарат

Көрсеткіштер

Ақпарат

1.

ММ аты

Малшыбай селосы әкімінің аппараты ММ

2.

Мекен-жайы

Жезқазған қаласы, Малшыбай селосы

3.

Мекеме басшысының аты-жөні

Мейрамов Елжас

4.

Байланыс телефоны, факс

760043

5.

Мекеме басшысының азаматтарды қабылдау уақыты

Жетінің әр сәрсенбі мен жұма күндері, сағат 14-00-тен 16-00-ға дейін

6.

ММ қызметі туралы қысқаша мәлімдеме

Малшыбай селосы әкім аппараты жергілікті орындаушы орын негізгі міндеті мемлекетіміздің саясатын өз жерінде барлық жоғарғы атқарушы орындардың қойған талаптарын Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Үкіметтің қаулыларын жоғарғы облыстық, қалалық әкімдердің шешімдерін орындайтын орын. Негізінен, ауылдың экономикалық - әлеуметтік жобаларын, берілген бюджеттің жоспарларын іс жүзінде орындау. Ауылда жасалған жоба бойынша экономиканы қайта құру, мемлекеттік емес мекемелермен олардың жұмыстарына қызмет түрлерін көмек көрсету, ауыл – шаруашылығын өркендету, жұмыссыздықты жою, ауылдың материалдық – техникалық базасын нығайтуға инфраструктураны жетілдіруге жұыс істеу. Халық арасынан түскен тиісті өтініш – шағымдарды қарау. Елге Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің жоғарғы орындардың берген тапсырмаларын тиісті уақытында орындап, халыққа түсіндіру.

7.

Аулдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша мінездеме


  1. Елді мекен Жезқазған қаласынан 90 км. қашықтықта орналасқан.

Сарыкеңгір селолық округі. Орталығы

   Малшыбай селосы.

  1. Малшыбай ауылының тұрғындар саны-455 адам, олардың ішінде экономикалық белсенділер саны – 223.
      
  2. Округке қарасты жер – 155458,1 га, оның ішінде егіндік жер көлімі – 138,5 га, егіс алқабы -7,1 га. Жанұя саны – 103, олардың ішінде 97 мал ұстайды. Негізгі мал шаруашылығымен айналысады. 65 – шаруа қожалығы бар, олардың ішінде 45 жұмыс істейді. 1.01.2006 жылға ірі қара мал 1410 бас, оның ішінде сиыр – 501. қой – ешкілердін саны 7575 бас, оның ішінде аналығы – 6360 бас, жылқы – 501 бас, оның ішінде 220 бие.
      
  3. Білім. Елді мекенде 1 жалпы білім беретін 11 жылдық мектеп бар, онда 86 оқушы білім алады. Мектеп 5 компьютермен қамтылған.
      
  4. Денсаулық сақтау. Елді мекенде медициналық көмекті ұйымдастыру Кеңгір селосы территориясында орналасқан ОДА және екі медбикелер күшімен жүзеге асырылады. Малшыбай ауылында фелдшер – акушерлік бөлімше жұмыс істейді.
      
  5. Мәдениет. М. Әуезов атындағы Жезқазған қалалық кітапхананың кітапхана-филиалы жұмыс істейді. Ауыл ішіндегі мәдени шаралар №15 орта мектепте өтеді. Қалалық мәдениет бөлімдерімен тығыз жұмыс істейміз. Ауыл электр энергиясымен, ауыз – сумен күнделікті қамтамасыз етілген. Ауылда «Хабар», «Қазақстан – 1», «ОРТ» телеарналары көрсетіледі. Халықарылық желіге қосылған 5 телефон ұясы бар. Инвест жоба бойынша 2006 жылы №15 орта мектепті интернет жүйесіне қосу жоспарланған. 2007 жылы ауыл ішіне ауыз – су тарту облыс бюджеттен қарастырылған 81 млн. тенге жоба бойынша, 2008 жылы ауыл ішінде 15-20 адамдық монша салу жоспарда. 2009 жылы облыстық мәдениет департаментінің жобасы бойынша 300 адамдық мәдениет үйін көтеру жоспарланған. Округ көлемінде IX – XIII ғасырда салынған тарихи ескерткіштер бар. Туристік орталық ашуға Алашахан мен Жошыхан ескерткіштері маңында толық мүмкіндік бар.
    Полиция. Елді мекеннің қоғамдық қауіпсіздігін сақтау үшін Жезқазған қалалық Ішкі Істер бөлімінің 1 полиция қызметкері жұмыс істейді.

 

USD/KZT
EUR/KZT
RUB/KZT
°
%
%